«Жеке адамдар мен мекемелерден өтініш сайт арқылы электронды түрде қабылданды. Сонан соң өтініштер арнайы қаралды. Шағын кәсіпорындардан түскен құжаттар облыстық штабқа жолданды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар мен азаматтардың құжаттары «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына жіберілді. Осының негізінде олардың мәліметтері есепке алынып, әлеуметтік төлем тағайындалды» деп хабарлады облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.
Жұмасат ҒАЗИЗ
Атырау облысы